Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТҮРКІ ТӨРІ-ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ!
12 мамыр, 2021 жыл 162 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти Хазіреттің тапсырмасымен ішкі туризмді дамыту, оның ішінде зиярат туризмін дамыту тапсырылған болатын. Осы мақсатта Tawaf Travel туристік фирмасы жанынан ҚМДБ ға қарасты Darhan DaLa Travel туристік фирмасы құрылғанын хабарлаймыз. Darhan DaLa Travel ішкі туризм бағыттары және халықаралық турлармен жұмыс істейтін болады. Ал Tawaf Travel бұрынғыша қажылық және ұмра жұмыстарын жалғастыра береді. Қазіргі таңда аталмыш фирмамен Алматыдан Түркістанға алғашқы тур басталды. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінен және басқа да ашылған бағыттарға туристер жіберетін болады. Қазіргі таңда Түркістан, Сарыағаш шипажайы, Халықаралық демалыс турлары сатылып жатыр. Алдағы уақытта Алла жазса, эпиджағдайдың жақсаруымен басқа да бағыттар, шипажайларды, Өзбекстанды қамтитын болады. 

21-23 мамыр аралығында Алматы қаласынан түркі төрі- Түркістанға аттанатын екі күндік турда Оңтүстіктің керемет жерлерін тамашалайсыз. Олар: 

⚜ Арыстан бап кесенесі 
⚜ Қожа Ахмет Яссауи кешені 
⚜ Керуен Сарай 
⚜ Ақмешіт үңгірі
⚜ "Теректі" әсем табиғаты 
⚜ Айша бибі кесенесі 
⚜ т.б жаңа Түркістанның қызықты орындары 

Тур бағасы 22 000 теңге.
Тур бағасына не кіреді:

Жайлы көлікпен барып-келу

Түркістанда 4* қонақүй
Таңғы ас. Екінші күнге
 Кәсіби фотосуреттер
 Кесенелерге кіру билеттері
 Кәсіби гид қызметі

Сіздерді не күтіп тұр:
Оңтүстіктің әсем табиғаты мен тарихи орындары 

Түнгі Түркістанда қызықты серуен 
Естен кетпес дәмді тағамдары 

 Танымдық-тапқырлық ойындар (Жеңімпаздарға сыйлықтар
Ең бастысы- көңілді компания 

Өзіңізбен бірге не алу қажет:
Жеке куәлік
 Саяхатқа ыңғайлы аяқ киім
 Күнқағар көзілдірік
ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары