Қасиетті Рамазан айында шаһарымызда жомарт жандардың ат салысуымен көптеген қайырымылық шаралары жүзеге асып, мұң-мұқтаждардың жанына демеу, көңілдеріне қуаныш сыйлайтын шарапатты шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай игі істің бірі Қарағанды қалалық «Қазыбек би» және Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіттерінің біріге ұйымдастыруымен «Рамазан берекесі» тақырыбында жүзеге асты. «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің»,-демекші, шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз отбасына азық-түлік үлестірілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан. Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қатысып, қасиетті айда мұсылман бауырының шаңырағына қуаныш сыйлаған жомарт жандарға үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Осы жасалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
ihsan.kz
Пікірлер