Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде батырлардың рухына арналып Құран бағышталды
09 мамыр, 2021 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

Ұлы Отан соғысына 76-жыл толды. Осынша уақыт өтіп, сол бір қиын күндер тарих керуенімен алысқа ұзағанымен, оның ауыртпалығы, қатерлі кезеңдер-ұрпақ зердесінде мәңгі бақи өшпейді, естен кетпек емес.Сұрапыл жылдарында көрсеткен Кеңес Қарулы Күштерінің, халқының қаһармандық ерлігіне бүкіл адамзат әрқашан да ризашылықпен қарап, құрметпен тағзым етпек. «Ер есімі ел есінде»,-демекші бізге осы бейбіт күнді, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін қан төгіп, ерлік еткен ата-бабамыздың қаһарман еңбегін ұмытпақ емеспіз. Бүгін осы-нау Ұлы жеңіс күніне 76-жыл толуына  орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде батырларымыздың рухына  арналып Құран бағышталды. Рухани шара барысында мешіт наиб имамы Аманжолов Сұлтан Мауратұлы Отан үшін ерлік көрсетіп қаза тапқан жауынгерлердің рухына Құран оқып, дұға жасады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары