Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай қаласында 150 отбасына азық-түлік үлестірілді
05 мамыр, 2021 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет.  Осы орайда Қарағанды облысына қарасты  Абай қаласы мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай 150 мұқтаж отбасына «Рамазан қоржыны» таратылды. Шара барысында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы жергілікті  әкімшіліктегі арнайы мұқтаж жандар тізімінде тұрған көмекке зәру,  көп балалы аналар мен науқас жандарға және әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасына  азық-түлік үлестірді. Қайырымдылыққа жұмсаллған қаражаттың жалпы құны 868 мың теңгені құрады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары