Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саран қаласында «Қамқор-Шарапаті салттық қызметі жүзеге асуда
05 мамыр, 2021 жыл 399 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі таңда адам өмірінде болып тұратын құбылыстың бірі фәниден бақиға аттанған мархұмдар зиратын күтімге алу мен зиярат жасау әдептері кеңінен насихаттау үрдіс алды. Әсіресе, зират тұрғызуда бәсекелестікке жол бермеу мақсатында, бірізділікке бағыттайтын "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету бөлімінің жұмыстарын түсіндіріп қана қоймай, оны жүзеге асыру қолға алынып келеді. Осы орайда Қарағанды облысында игілікті шара басталып кетті. Облысқа қарасты Саран қалалық зиратына арнайы жер бөлініп, марқұмдар мекені  бірізділікпен жерлеу рәсімдері жүргізілуде. Қала имамы Мұхаммедқали қажы Саликов көпжылғы тәжірибесін алға тарта отырып, жергілікті халыққа игі бастаманы түсіндіруде нәтижелі іс атқарып отыр. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы осы бағыттағы сауапты һәм, жауапты іс-шараны жүйелеу үшін өзге де аймақтармен тығыз қарым-қатынас орнатуда. "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету бөлімінің облыстағы жауапты маманы Бақдаулет Қыдырбайұлы қалалық имаммен бірге аталмыш аймақтағы бірқатар жобаларды талқыға салып қайтты.Пенденің жер бетіндегі еншісі болып саналатын зираттар әдебін қалыптастыру, ысырапқа жол бермеу, бірізділікке бағыттау барша мұсылманға ортақ сауапты іс болмақ. Зират аумағы толықтай қоршауға алынып, сыртқы тұрақтың жанынан күзетшіге арналған үй салынуда. Бірізділікке бағытталған бұл бағытта зират толықтай қоршалып, жекелеген кесене тұрғызылмайды. Белгітас та біркелкі үлгіде қойылмақ.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары