Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сатпаев қаласы: «Қайырымдылықта - қайыр көп» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асты
03 мамыр, 2021 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің  ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Қайырымдылықта - қайыр көп» атты қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы, жалғызбасты аналарға, жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар, 30 отбасыға киім-кешек үлестірілді.Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырды.Жақсылық пен қайырымдылық тек дүние мүлік арқылы емес, қажет кезде қолмен, қажет кезде тілмен жасалады. Жасалатын жақсылықы атаулының бәрі садақаға жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кез келген жақсы іс – садақа» деген. Мешіт имамы берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан барша жомарт жандарға алғысын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары