Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақтоғай аудандық мешітінің ауласына 16 дана алма ағашы отырғызылды
03 мамыр, 2021 жыл 181 Басып шығару нұсқасы

Әрбір қолға алған істің нәтижесі болады.  Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені», - деген. Ал, ата-бабамыз: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп кеткен. Табиғатты аялап сүю, Алланың жаратқандарының кереметтеріне тамсана, ғибрат алу жүрекке нұр болып құйылады. Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дегендей, кішкене ғұмырымызда елге, жерге пайдамызды тигізіп қалуымыз керек. Амал дәптерімізге сиясы кетпес сауап болып жазылып қалатын ең қайырлы істердің бірі де ағаш отырғызу екен.  Бізге «Кімде-кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін» деген хадис жеткен (Бұхари). Бұл хадистен ағаш отырғызудың өте маңызды екеніне көз жеткіземіз. Тарихтан Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ағаш отырғызып, өзі өзгеге үлгі болғанын білеміз.

Осы хадистерді ескеріп Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Рысбай Асыл Көкешұлы мен мешіттің жамағаттары мешіттің ауласына 16 дана Алма ағашын отырғызды.

Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мадинаға көшіп келген кезінде Мадинаның батпағын кетіру үшін айналаны қоршай ағаш еккен. Ағаштың жеміс беріп қана қоймай, жердің батпағын кетіретін, құнарлығын арттыратын, ауаны тазартатын және т.б. тигізер пайдасы ұшан теңіз. Жемісін берген ағаштан нәр алған әрбір тіршілік иесі сол ағашты еккен адамға садақаның деңгейіндей сауап сыйлайды. Бұл турасында Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» (Бұхари). Тағы бір хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, (амал) дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары