Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Рамазан шуағы»: 100 адамға ауызашар қоржыны үлестірілді
03 мамыр, 2021 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

 
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті 100 адамға ауызашар қоржынын үлестіріп берді.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен, сондай-ақ «Sauap» орталығының еріктілерінің қолдауымен жүзеге асқан іс-шара «Рамазан шуағы» акциясы аясында ұйымдастырылды. Әр қоржын ішіне қасиетті құрмадан бөлек, бір реттік ауыз ашарға жеткілікті арнайы тамақ порциясы және сусын салынды.
 
Жергілікті дін қызметкерлері және еріктілер бұл қоржындарды мүбәрак айда ораза ұстаған жандарға таратып берді.
 
«Еліміздегі індеттің өршуіне байланысты, дәстүрлі түрде ауызашар бере алмаймыз. Осыған байланысты, бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының «Ауызашар қоржындары» атты бастамасын қолдай отырып, ауыз бекіткен адамдарға арнайы қоржындар таратуды жөн көрдік. Сауапты іске атсалысып жатқан барша азаматтарға, еріктілерге Алла разы болсын! Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын», деді Естай Айтуғанұлы.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары