Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл-Машани» мешітінің ауласына 100 түп тал егілді(фото)
03 мамыр, 2021 жыл 341 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,- деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал.

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ауласына 100 түп тал егіліп, көгалдандыру жұмысы жүзеге асты.  Игі шараны мешіт имамы Жанболат Қошкелді бастап, барлық дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.  Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Мешіт имамы көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, мешіт айналасын ажарландыруға өз үлесін қосқан барша жамағатқа үлкен алғысын білдіріп, батасын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасө қызмет

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары