Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ауызашар қоржынын» акциясы «Жанқұтты би» мешітінде жалғасты.
29 сәуір, 2021 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының әр күнінде ұйымдастырылып жатқан «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық акциясы Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде жалғасты.Берекелі шара барысында   көмекке мұқтаж 50 отбасына  «Рамазан қоржыны» таратылды.  Игі іс кәсіпкер Мұсаханов Бауыржанның демеушілігімен және мешіт имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлының  ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ас беру өте үлкен жақсылық болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас берудің сауабы үлкен. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» деген. Алла Тағала қасиетті айда жасаған әрбір ісіміздің сауабын еселеп жазғай. Әмин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары