Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саран қаласында «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.
28 сәуір, 2021 жыл 161 Басып шығару нұсқасы

Шариғат заңдарында адамға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ислам дінінде өз-өздеріне қол салушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр болып есептеледі. Сондықтан Алланың берген сыйын медет тұтып, өмірдің бағытымен ғұмыр кешіп, күйзеліске түскен жандарға көмектесу қажет. Суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізген жөн. Оның емі – иманда. Жүрекке имандылық ұялату – басты шарт.  Осы орайда Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің наиб имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының жүргізуімен  "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 3 полиция батальоны" қызметкерлерімен  «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында өз-өзіне қол жұмсауға байланысты ардақты пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадистері бар екенін айтып жеткізді. Және де суицидтің жалпы шыққан тарихы, термин болып қалыптасуы, түрлерге бөлінуі және ол дерттің алдын алу туралы толықтай мағлұмат берді. Ислам дінінің суицидтке деген көзқарасын жеткізді.

Кездесу соныңда түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары