Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешітінің имамы «Ойталқы» ток-шоуына қатысты (ВИДЕО)
27 сәуір, 2021 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

«Бала бауыр етің», «Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашағымыз» деп ұрандаймыз. Бірақ, балаға дұрыс тәрбие беру, оны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіп жетілдіру, оқыту, елін-жерін қорғайтын азамат етіп өсіру – әрбір ата-ананың басты міндеті.
Ата-бабаларымыз ықылым заманнан бері отбасы-ошақ қасы бала тәрбиесіне аса мән беріп, жауапкершілікпен қараған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздерінен бабаларымыздың бағзы заманнан-ақ бала тәрбиесіне мән бергенін байқаймыз.
Осы айтылғандарды назарға ала отырып, біздің қазіргі қоғамда ата-ананың яғни, қыз баланың тәрбиесіне жауапты – ананың, бала тәрбиесіне жауапты – әкенің отбасындағы рөлі қандай, деген сұрақ өздігінен туындайтыны рас. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жергілікті «Сарыарқа» арнасында өткен «Ойталқы» ток-шоуына қатысты. «Жастардың жыныстық тәрбиесі» тақырыбында өрбіген бағдарлама барысында бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне  қатысты бірнеше өзекті мәселер жөнінде ой өрбіді. Толығырақ төмендегі бағдарламаның толық нұсқасынан көре аласыздар.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары