Теміртауда «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» тақырыбында жиын өтті

Қазақстан мұсылдары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай шығарылған «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кітап Теміртау қаласының имамдарына таныстырылды.
 
Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиында қала имамдарына ҚМДБ бекіткен мешіт имамдарыны қызметтік әдебі түсіндірілді.
 
Атап айтқанда, имамдардың киім үлгісіне ерекше мән беру, дін қызметкерінің сөйлеу әдебі, БАҚ-на сұхбат беру әдебі және өзге де мәселелер қарастырылып, арнайы дайындалған мешіт имамдарының қызметтік әдебі кітабы таратылды.
 
Бұдан бөлек, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі тарапынан келген тапсырмалар бойынша жұмыс нәтижелері пысықталды.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін