Имамдарды тағайындау жалғасты

Күндердің құрметтісі болған қасиетті жұма күні Қарқаралы аудандық "Құнанбай қажы" мешітінің имамы жаңадан тағайындалды. Арнайы іссапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарқаралы ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаевпен өңірдегі діни ахуалдың барысы жайында сұхбаттасып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған Құблайханов Митератбек Орынбекұлын таныстырды.  Жаңа тағайындалған имам бұған дейін Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған. Бүгінгі күнге дейін аудандағы діни қызметінде белсенділік танытып, діни істердің дамуына жұмыс атқарған Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы ендігі қызметін Қарағанды қаласындағы "Балақажы" мешітінің наиб имамы болып жалғастырады. Имам тағайындау барысында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен мешіт ақсақалдары өзара пікіралмасты.  

        

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін