Бас имам ақпарат кеңістігінде насихаттар жүргізді

Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне биылғы рамазан айының ерекшеліктері, Қадір түніндегі жасалатын құлшылықтар мен мешітке келудің әдеп, ережелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ бүгінгі таңда облыс көлемінде атқарылып жатқан қайырымдылық жұмыстарының барысы мен сабырлық, жомарттық, ізгі қасиеттер турасында насихаттар айтып, тілшілердің сауалдарына жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, ораза мен намаздың кемелдігі турасында "Асыл арна" телеарнасында тікелей қосында уағыз айтты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін