Бас имам мешіт құрылысын бағамдады

Қала іргесіндегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан мешіт нысанын аралап, бүгінгі барысымен танысу үшін Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала имамдары, ұстаздармен 15-ші торап тас жолы бойындағы 700 орынды мешітке арналған құрылыс нысанына барды. Сәулетті мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты.

Аллаға шүкір, бүгінгі таңда мешіт салу қатары Қарағанды өңірінде қарқынды дамып келеді. Аталмыш құлшылық үйінің құрылысын жүргізіп жатқан «Аппаз» ЖШС, құрылыс компаниясының басшысы Мухтаров Қуантай есімді кәсіпкер азамат өз тәжірибесіне сүйене отырып, ықыласты жандардың қолдауымен мешіт нысанын барынша сапалы жүргізуде. Мешіттің жанашыр жамағаты кәсіпкер Қуантай бұған дейін де облыс аумағында бірнеше мешітті ел игілігіне ұсынған. Ия, мешіт салу турасында пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады», – деген», – дейді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы болған. Мешіт қызметі тек құлшылық мекені ретінде шектелген емес. Бес уақыт намаз өтелетін киелі орын болуымен бірге, қоғамдық маңызға да ие болған. Өйткені, руханият мәйегі болып табылатын мешіттер – халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, имандылық қағидаттарын жақынырақ танып-білуімізге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Осындай мақсатта салынып жатқан мешіт құрылысы 700 аса адам сыйымдылығына арналған екі қабатты мешіт.

Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады. Оның ішінде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары мен дәретханалары қарастылылған. Сонымен бірге, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар қарастырылған.

 

 

Алладан сүйіншіленген сыйдан үміт етіп, қайырымдылық ниетпен мүмкіндікке қарай үлес қосамын деген жандар болса, көрсетілген мекен-жай арқылы мүмкіндік қарастырылған.

 

Қарағанды қаласы, Нурсултан-Караганды тас жолы, 108 есептік орам, 148 жер телімі мекен-жайы бойынша мешіт құрылысы туралы ақпарат!

 

 

Сауаптан үміт етіп, қолдау көрсету үшін:

 

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 5169 4931 8740 5231

Счет: KZ46551M129010907KZT

ИИН: 750 526 350 537

 

Куантай, 8 702 055 55 59

 

 

 

Тел: 8702 055 55 59 ИИН 750 526 350 537

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін