"Қарағанды-Мақтарал" қайырымдылық керуені жолға шықты

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінен Мақтарал жұртының басына түскен қиындықты бөлісуге арналған қайырымдылық керуені жолға шықты. Сауапты шараны "Зекет" корпоративтік қоры, "Жастар ісі" секторы, қала мешіттері мен "Газель қауымдастығы" ұйымдастырды. Гуманитарлық көмек шарасына кәсіпкер азаматтар мен қарапайым тұрғындар үлес қосып, бес жарым тоннадан аса киім-кешектер, гигиеналық заттар, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жиналды. Бас имам Өмірзақ қажы сапарға шығатын керуенге батасын беріп, игі шараға атсалысқан азаматтарға ізгі ниетін жеткізді. Облыс орталығынан сапарға шыққан гуманитарлық көмекті "Газель - Қарағанды" қауымдастығының жетекшісі Жеңіс Жомартұлы бастап барады.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін