"Әл-Машани" мешітінде кезекті рухани кеш өтті

Қарағанды қалалық мешітінің имамы Қабылбек Әліпбайұлы жамағатқа діни дәрістер оқумен қатар, халқымыздың біртуар ұлы тұлғаларының өмірлерінен өнеге алуға үндеп келеді. Ай сайын бір кітап оқуды жоспарға енгізген имамның бағыты бойынша "Адамды сүй, Алланың хикметін сез!" атты рухани кеш өткізілді. Рухани кешке ҚМДБ-ның  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, "Балақажы" мешітінің имамы Махмуд Нурұлы және зиялы қауым өкілдері құрметті қонақ ретінде қатысты. Құрметті қонақтар Абай хакімнің 175 жылдығына орай құнды мағлұматтар мен тәрбиелік мәні зор пікірлерін жеткізді. Сайысқа қатысушы жастар Абай өлеңдерін жатқа оқудан әлеуметтік желіде ұпай жинау арқылы бақ сынасқан болатын. Нәтижесінде дауыс беру санына байланысты үш орынды иеленген шәкірттерге сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.  

         Наурыз айында жастардың кітап оқуға құлшынысын тағы да арттыру мақсатында "Үздік оқырман" сайысы жарияланып, "Кемелдік кілті" кітабы негізге алынды. Қорытындысы 28-наурыз күні сағат 14.00-де жарияланады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін