Әбу Ханифаның өсиеттері оқылды

ҚМДБ-ның бағыттарының бірі діни сауаттандыру ісіне басымдық беру. Осы тұрғыда Шахан кентіндегі "Сәлкен молда" мешітінде бір айда бір кітап оқып танысу жүйелі қолға алынған. Бұл жолы "Имам Әбу ханифаның өсиеттері" кітабын Амирханов Сырым имам он бес күнде шәкірттермен бірге аяқтап шықты. Шәкірттерге облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан сертификаттар табысталды.

          "Алла елшісі с.ғ.с бесіктен қабірге дейін білім алуға үндеген. Имандылық - қоғамды игілікке толтыратын ізгі құндылық. Мешітімізде тек қана құлшылықпен шектелмей, ақапарат кеңістігін арттыруға жұмыс жасап келеміз. Мазхаб ұстану арқылы біз өзара ынтымақ пен тұтастықта боламыз. Әбу Ханифаның (р.а) ақида саласында жазған еңбектерінің бірі оның өсиеттері. Осы дәріске қатысқан мешіт жанындағы діни білім курсының шәкірттеріне облыс имамының атынан "тыңдаушы" сертификаты  табысталды",  деді мешіт имамы. Өзі имам, өзі ұстаз Сырым имам имандылық иірімдерін осылайша игілікті істермен арттырып отыр.   

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін