Үздіктер марапатталды!

Қарағанды облысы дін істері басқармасының мәжіліс залында жылды қорытындылаған дәстүрлі жиын өтті. Алқалы отырысқа діни, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, басқарма қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында басқарманың ағымдағы жылғы жұмысы талқыланып, келер жылғы жоспары жайында сөз өрбіді. Өз пікірлерін еркін білдірген азаматтық қоғам мүшелері жыл бойы қоян-қолтық атқарылған жұмысты талдап, өз ұсыныстарын айтты. Аталмыш іс-шара дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдау және қоғамда радикалды идеологияға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жұмысында жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылғандарды марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Лайықты құрметке бөленген марапат иелерінің қатарында, қажырлы еңбектері үшін алғыс алған азаматтар мешіттің діни қызметкерлері Мусабеков Нұржігіт, Илмеев Талғат, Хушкелдиев Жанболат, Жансарин Бейбіт  имамдарға абыройлы қызметтеріне сәттілік пен береке тілейміз!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін