"Балақажы" мешітінде берекелі бас қосу өтті

Адамзаттың асыл тұлғасы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың дүниеге келген мәуліт мерекесінде Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік артып, рухани кештерде насихаттар айтылып жамағат бірлігі арта түседі. Ал, Алла Тағала Құранда: «Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық», –  деп, пайғамбарды (с.ғ.с.) өзімізден де артық жақсы көру керектігін білдірді. Ал, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) иманның ләззаты жөнінде: Яғни: «мына үш нәрсе арқылы адам баласы иманның ләззатын татады: Солардың бірі – Алланы және Оның елшісін өзге нәрселердің барлығынан артық жақсы көру..», – деген. Осы орайда, "Балақажы" мешітінің имамы Нуров Махмуд қажының ұйымдастыруымен мешітте Мәуліт оқылып, мұсылман қауымына ас берілді. Басқосу барысында РАНТ және ЖАНТ мүшелері мұсылман қауымының өзара ынтымағы мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) бойындағы ізгі сипаттар жайында өнегелерді насихаттады. Жиналған қауымның бүгінгі уақытқа қатысты діни сауалдарына жауап берілді. Берекелі басқосуда имам Махмуд қажы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында  қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы қағидаларды насихаттап, мұсылман бойындағы сипаттар жайында түсіндірме жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін