Форум тұғырнамасы толыққанды насихатталуда

 

            ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен ІІІ-республикалық форумның маңызы ерекше. Діни рәсімдер мен діни лауазымдар тізілімі жасалып, Ғұламалар кеңесінен бірнеше рет талқылаудан өткен осы құжаттарды насихаттау бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Осы орайда, Рухани Тұғырнаманың міндеттерін, тәлімдері мен ұстындарын халқымызға жеткізу мақсатында Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имаммдарына екі күндік семинар өткізілді. Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылы "Балкен ана" мешітінде өткен семинар сабақтарын облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жүргізді.   Имамдар мен барша дін қызметкерлерінің асыл борышы деп санаған Бас имам Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы семинардың екінші күні осы тұғырнаманы халыққа насихаттауда табандылық таныту ісінде дін қызметкерлеріне серпін берді. Дәрістер толыққанды өтуі үшін қатысушылар екі топқа бөлінді. Семинар барысында  имамдардың атқаратын діни рәсімдері: пенденің туған сәтінен бастап, өмір бойы түрлі кезеңдерде орындалуы тиіс жоралғылар, жер бесікке дейінгі амалдар нақтыланды. Атап айтқанда, «Сәбиге ат қою», «Бата беру», «Діни неке қию», «Дем салу», «Иман үйіру», «Жерлеу» және «Қабір басына барып Құран оқу» сияқты адамның жеке басына қатысты ахуалдар. Сондай-ақ, «Имамдық ету», «Уағыз айту», «Рамазан айындағы діни рәсімдерді атқару», «Зекетті түсіндіру және ұйымдастыру», «Қажылық рәсімдері» т.б. сияқты  пенденің құлшылығына қатысты тұстары қамтылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер – өз атауында көрсетілгендей, мүфтияттың мамандары, яғни имамдар орындайтын іс болғандықтан, бұл рәсімдерді дін қызметкерлері ыждағаттылықпен атқаруы маңызды. Әсіресе, «Жеті рухани қазық» атты Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы басты құжатымыз болып табылады. Семинар соңында Бас имам қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады. БАҚ тілшілеріне сұхбат берді. Ия, тарихи құжатта айтылғандай, біздің қоғамға қажет құндылықтардың бірі – көркем мінез. Ғұламалар: «Көркем мінез дегеніміз – өзгеге ешқашан қабақ шытпау және ашуланбау», – деген екен.  Осы рухани құндылықтар негізі көркем мінез бен адамгершіліктен бастау алады. Адамгершілігі мол адам ғана Отанын сүйе алатын мәдениетті де, әділетті бола алады. Облыстың төрт ауданынан жиналған дін қызметкерлеріне арналған семинардың жалғасы алдағы уақытта басқа аудандармен толығады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін