26 жыл бойы қоқыс сатумен айналысқан әже қажылыққа қаржы жинаған

Индонезиядан келген Мариани есімді 64 жастағы қажы ақыры өзінің арманын орындады. Ол өзінің туған қаласындағы қоқысты жасырын жинап, 30 жыл бойы сатқаннан кейін қажылыққа бару мүмкіндігіне ие болды. Марианидің айтуы бойынша, ол қашанда қажылыққа барғысы келген, бірақ күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол төрт баланы жалғыз қамқорлығына алып қалғанына қарамастан, қасиетті мекенге бару үшін барын саламын деп шешті.

«Мен қайта өңдеуге жіберілетін қоқыстарды жинай бастадым - пластикалық шыныаяқтар, пластикалық бөтелкелер, картон қораптар. Мен оны жасырын жасадым, таң намазына дейін жұмыс істедім», - деп еске алады Мариани. 2012 жылға қарай, 19 жыл жұмыс істегеннен кейін, ол қажылыққа тіркелу жарнасын төлеу үшін 25 миллион рупийді (1750 АҚШ доллары) жинай алды. Қалған 700 долларды табу үшін оған тағы 7 жыл жұмыс істеуге тура келді.

Балалары аналарының биыл қажылыққа баратындығын білмеген көрінеді. Қызының айтуынша, ол оларға Меккеге Дін істері министрлігінен барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін баратындығын айтқан.

«Ең бастысы, мен мақсатыма қол жеткіздім. Мен мақсатыма жететініме ешқашан күмәнданбадым. Мен үміттерге толдым, ешқашан бұл жұмыстан шаршамадым», - деп еске алады Мариани.

Дереккөз: asyldin.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін