Өкіл имам Ақтөбе өңірінен келген жамағатпен жүздесті

Діни тұрақтылық пен мұсылман арасындағы өзара бауырмалдықты, береке мен бірлікті арттыруға бағытталған іс-шара барысында Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасы мен өкілдігі тарапынан бір топ жамағат, олардың арасында жат ағым жетегінде жүрген азаматтары бар Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қонақта болды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қонақтарды өңірдің діни ахуалымен таныстырып, мешіт асханасынан дәм берді. Сапар барысында сырқаттанған бір азаматқа тегін медициналық көмек көрсетілді. Өзара сұхбат жүргізіліп өзекті деген діни үкімдер мен мұсылмандық сипаттар жайында насихат жүргізілді. Мешіт ұстазы Айбек Омар «такфир», «ширк», «бидғат» деген тақырыптарда дұрыс түсінік қалыптастыруды кеңінен түсіндіріп өтті. Сұхбат соңында өткізілген сұхбат пен қонақжайлыққа қонақтар алғыстарын айтып, өзара ықпалдастыққа ризалық танытты.

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін