Шалқардың ескерткіштер жинағы дайындалады

Шалқар ауданындағы ескерткіштер түгелденіп, жинақ жарыққа шығады. Ақтөбе облысындағы ескерткіштерді түгелдеу жұмысы Мәртөк ауданынан басталған болатын. Археологтар соңғы жұмысты Шалқар ауданында аяқтайды. «Қазба жұмыстары жүрмейді, тек ескерткіштерді тіркейміз. Шалқардың территориясы үлкен болған соң үш жыл жұмыс істеуге тура келіп тұр. Биыл аяқталып, жинақ шығады», — деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Мейрам Дүйсенғали. Айта кетейік, ескерткіштердің тізімін жасау кезінде кейінгі кездегі қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер енбей қалған. Мамандар ол құнды дүниелер бөлек жинақ болып шығуы мүмкін деп отыр.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін