Бас мүфти Мырзатай Жолдасбековпен сұхбаттасты (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі ғалым-түрколог Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.

Жаңа ғимаратқа алғаш қадам басқан ғалым мүфтияттың жұмысымен танысып, кеңсені аралап көрді. Сонымен қатар, тарихи мешіттер мен кесенелердің макеті орналасқан залды аралап, игі бастамаға жылы пікірін білдірді.

Содан кейін кездесу еркін сұхбатқа ұласты. Бас мүфти мен ғалым тарих, мәдениет, руханият салалары бойынша әңгімелесті.

Сұхбат соңында М.Жолдасбеков Серікбай қажы Сатыбалдыұлына «Ойтолғау», «Ұлы дала әдебиеті» еңбектерін сыйға берді. Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы С.Ораз қасиетті Құрбан айт қарсаңында ғалымға сыйлығын табыстады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін