Алматы: Бірінші наиб мүфти ЖАНТ мүшелерімен кездесті

 

Бүгін ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы ЖАНТ (Жергілікті ақпараттық насихат тобы) мүшелерімен арнайы кездесу өткізді.

Алқалы отырыста ЖАНТ мүшелерінің жыл басынан бергі атқарған жұмыстар есебі тыңдалып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Дұрыс діни ақпарат беру жұмысын оңтайландырудың әдіс-тәсілдері айтылып, жұмыс тиімділігі талқыланған кездесу барысында ЖАНТ мүшелері өз ұсыныстарын жеткізді.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы орайда ЖАНТ мүшелерінің білімі мен біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырудың маңыздылығына тоқталып, арнайы курс жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
 

Дереккөз: azan.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін