ҚАРАҒАНДЫ: облыстық «Әнет баба» мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын жалғастыруда (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жасөспірімдерге арналған жазғы сауат ашу курсы жоғары деңгейде өту үстінде. Жеткіншектер бірнеше топқа бөлініп дәріс алуда. Дәрісті облыстық мешіттің ұстаздары Смагулов Жасұлан,  Бакирова Арай, Тапина Карина беруде.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, сауат ашу курсының алғашқы күнінен бастап жеткіншектерге ізгілік пен сыпайылықты, кішіпейілдік пен үлкенге ізет көрсету мәселелері түсінділді. Облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа жас шәкірттерге сауат ашудың алғашқы күнінен бастап өзінің ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді. Тәрбиеге байланыты уағыз насихатын жеткізді. Қазіргі уақытта мешіттің бір айлық курсында жүз жетпіске  жуық шәкірт сабақ алуда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін