ҚАРАҒАНДЫДА «ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ ЖӘНЕ ШАРАПАТ ҰЙЫМЫ ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

Рамазан игі істерді мейлінше көптеп жасайтын ай. Себебі, бұл айда жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та көлкөсір. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай» - деген екен.

Сондай қадірлі істің бірі Қарағанды шаһарында жүзеге асуда. ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы және аталмыш сектор жанынан ашылған «Шарапат» жастар ұйымының ұйымдастыруымен сауапты іс атқарылды. Атап айтқанда, жағдайы төмен көп балалы және аз қамтылған шаңырақтарға азық түлік үлестірілді Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Сондықтан да Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны анық.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін