Қарағанды өкілдігі Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді (фото)

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті.

 Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд Нұрұлы   және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз жиынын облыс өкіл имамы  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының құттықтау сөзімен бастап, Рамазан айының қадір қасиетін баяндады. Рамазан айы, Қадір түні, Тарауық, Айт намаздарының басталу уақыты мен белгіленген пітір мөлшерін мәлімдеп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндірді.

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін