Қарағанды облысының өкіл имамы Сатпаев жамағатымен кездесті (фото)

        Кеше, яғни,  сәуір айының 3 –  жұлдызы күні Қарағанды облысының өкіл имамы, «Әнет Баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза Cатпаев қаласындағы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің  жамағатымен кездесті.  Мешіттің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысқан соң өз бағасын беріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Рухани кездесуде облыс бас имамы «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында уағыз – насихат жүргізді.  Аталмыш іс - шараға қалалық мұсылман қауым  тұрғындары мен мешіт жамағаты толықтай қатысып, өз ойларымен бөлісіп, дөңгелек үстел бойында бас қосып, біраз нәрсені ой елегінен өткізіп, сабақ алды. Келесі кезекте облыстан келген қонақтар Сатпаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының қабылдауында болды. Аудан әкімі өңірге келген өкіл имамға шынайы ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Елдос Қуандықұлы бесін намазы уақытында жамағатқа ауызбіршілік, бауырмашылдық жайында уағыз айтты. Қаламыздын №9  № 4 жалпы білім беретін орта мектептетерде өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожаұлы және Әнет баба мешітінің наиб имамы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға дәстүрлі рухани құндылықтар кеңінен түсіндірілді. Жергілікті теле арналарға сұхбат берілді

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін