Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде семинар болып өтті (фото)

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожаның басшылығымен облыстық «Әнет баба» мешітінде аудан және қала имамдарының арасында семинар болып өтті. Аталмыш семинардың негізгі мақсаты Мемлекет пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы қарым-қатынасты арттыру және сол арқылы халықтың қазіргі рухани-әлеуметтік жағдайын нығайту. Семинарға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағамбетов  Асхат Қанатұлы, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Төлеу Қайратұлы, Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлы, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастардың проблемаларын зерттеу және талдау орталығының  басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлы   қатысты. Семинарда мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, талқыланды. Сондай - ақ,  көрсетілген бағдарламаларды  жүзеге асыру үшін бірнеше бағыттар көрсетілді.Имамдар өз кезегінде мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында  жопарлап отырған бағдарламаларын өңіріміздің шалғай елді-мекендеріне,жалпы халыққа насихаттауға кеңінен атсалысуға өз ықыластарын бірауыздан танытты.  Атап айтқанда, бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіпкерлік біліммен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу т.б. Алдағы уақытта аталған бірнеше маңызды бағдарламалар арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру және мемлекет пен халықтың, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өзара қарым қатынасын жоғары деңгейде жүзеге асыру. Осы орайда көптеген жоспарлар мен, маңызды мақсаттар алға қойылды. Ендігі кезекте, аталмыш төралқада қозғалған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Семинардың екінші бөлімінде Қарағанды облысының имамдарының 2019 жылға құрған жоспары кеңінен талқыланды.Сонымен қатар ҚМДБ-ның әрбір сала бойынша бекіткен талаптарын орындау барысында нақты тапсырмалар берілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін