БАС МҮФТИ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде сектордың жұмысы, бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары, деструктивті ағымның арбауына ілескен жастарға түсіндіру шараларын жүргізу, жамағатқа бөлінбеу, достық, адамгершілік, өзара келісім сынды құндылықтарды насихаттау, т.б. мәселелер сөз болды.

«Діни басқарманың негізгі жұмыс бағытының бірі – халықты діни ағарту. Діни білімі таяз адам көп жағдайда жалаң ұрандар мен жалған уәделерге тез сенгіш келеді. Ұстаз адамның ішкі әлеміне енуі керек. Сонда ғана оны толғандырған сауалдарына жауап береді. Діни сауат ашу бағытындағы жұмысты ұдайы жетілдіріп, жандандырып отыру керек», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін