«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: 1 ЖЫЛДА 9 ПӘТЕР БЕРІЛІП, 25 МЫҢ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры 2018 жылы республика бойынша 25 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, 5 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Мүгедек балаларға емдеу-оңалту шараларына қажетті қаражат берілді.  

Құрбан айт мерекесінде «3екет» қоры атынан елімізде мұқтаж жандарға 400 тоннаға жуық ет таратылды.

2018 жылы «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса зәру 9 отбасына пәтер берілді.

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен «Зекет» және «Уақып» қорларының Дубай әмірлігінің Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі департаментімен тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.

Алматы қаласында наиб мүфти Бауыржан қажы Есмаханның бастамасымен  «Зекет» қорының жұмысын дамытуға арналған семинар өтті.

«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың ұйытқы болуымен қордың сайты жаңартылып, жаңа онлайн қызмет түрлері қосылды. Атап айтқанда, қордың мобилді қосымшасы жасалды. Енді онлайн түрде зекет беріп, интернет арқылы төлеу функциясын қолдана аласыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін