Үш тараптың келісімі жүзеге асты (фото)

Бүгін Қарағанды облыстық «Жастар саясаты» ғимаратында «Нұр Мүбарак» университетінде білім алып жатқан он студентке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мырзаның төрт жылдық оқу гранты табысталды. 

Естеріңізге салар болса, өткен жылы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа,  "Нұр Мүбәрак" университетінің ректоры Жуда Басюнимен кездесіп үш тарап келісімге қол қойған болатын. Аталмыш келісім бойынша жыл сайын аталмыш оқу орнынан 10 дін маманы Қарағанды өңіріне жіберіліп отыратын болады. Оқу қаражаты облыс бюджетінен төленеді. Шарт бойынша, мамандар кемінде 3 жыл сол кенді өңірге еңбек етуге тиісті. Аймақ басшысы осылайша 5 жылда теологтардың қатары 50-ге толығады деді. Бұл өз алдына жат ағыммен күресіп, дәстүрлі дінді насиxаттаудың басты тетігі болмақ.

Болашақ жас теологтармен кездесуде «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі, Облыстық дін істері басқармасы, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Жатсар ісі» секторының өкілі қатысты. Кездесу барысында «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы студенттерге өзінің ізгі тілегін жеткізіп, ілім жолында жетістіктер тілеп, ыстық лебізін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай шешім Қарағанды қаласында өткен "Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін" атты форумда мәлімделген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін