Қарақаралы және Жаңаарқа қалаларында "Әйел-қыздар" секторы мәуліт мейрамын атап өтті (фото)

Күні кеше Құнанбай қажы бабамыз салдарған қасиетті Қарқаралы мекенінде және Жаңаарқа қаласында ҚМДБ ның қарағанды облысы бойынша  "Әйел қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Қош келдің мәуліт!" атты мерекелік шара болып өтті. 

Іс-шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылды. Маңызды рухан  шарада адамзаттың асыл тәжі, Сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар айтып, сүннеттері мен өсиеттері жаңғырған айтулы шараға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі әрі ұстаз Бакирова Арай Серғалиқызы  арнайы шақырылып, Мәуліт мерекесінің қуанышымен бірге бөлісті. Мәуліт кеші жамағат көңілінен шығып, алғыстарын жеткізіп жатты. Кеш соңында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының өкілі ұстаз Бакирова Арай Серғалиқызы дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, тұшымды уағыз-насихат айттып, кешті қортындылады. Сонымен қатар, келген ұстаздар мен қонақтарға сый-сыйапаттар табысталды.

Кеш аясында  Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған әсем әуендер орындалды.  Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өсиеттері жамағат жадында қайта жаңғырды. Қарасы қалың жұртшылық жайылған дастарханнан ауыз тиіп, ұстаздар мен шәкірттерге алғысын айтып тарқасты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін