Қарағандыда «Зайырлылық қағидаттарын нығайту-экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың негізі» тақырыбында республикалық форум өтті (фото)

Қарағанды облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қарағандыда «Зайырлылық қағидаттарын нығайту-экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың негізі» тақырыбында республикалық форум өтті. Рухани шара ҚР Қоғамдық даму министрлігінің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Форум жұмысы облыстық дін істер басқармасы басшысының төрағалығымен өтті.. Шараға дін саласының сарапшылары, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы Қадырғалиев Ерлан Забирович және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғалымбек Жәдігерұлы Мәжиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа  сондай- ақ, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, жастар қатысты. Форум барысында зайырлылық пен дін арасындағы сабақтастықты дамыту,деструктивті діни ағымдардың ықпалына бейім азаматтармен ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыға салынды.

Дін – өмір сүрудің үздік үлгісі, екі дүние бақытына жетелейтін ұлы жол. Дін адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке ұйытатын құдіретті күш. Ол Құдайға құлдық ұрып, тек құлшылықтан бас көтермеу дегенді білдірмейді. Дін - адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жолды көрсетеді,  – дей келе ҚМДБ аппарат бөлімінің басшысы Ғалымбек Жәдігерұлы Мәжиев мұндай іс шаралардың қоғам үшін қажеттілігін алға тартты. Сондай-ақ, зайырлы қоғамдағы дін мәселесі мен жалпықоғамға ортақ ұғым-түсініктер турасында түсіндіріп өтті.

- Ортаға бұл мәселені көтеріп, қалай ары қарай жұмыс жасау керек? Мына жастардың арасында экстремизм идеологиясы кіріп кетпес үшін  жұмыс жасауымыз керек, - деді  облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.

Қатысушылар мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл тақырыбында баяндама жасады. Әлемдік проблемаға айналған мәселеге қатысты өз ойларын жеткізіп, елдегі тұрақтылықты ары қарай сақтау жөнінде ұсыныстарын білдірді. Әсіресе жастарды жат ағымдардан қорғау, ұлттық дәстүр мен тәрбиені дәріптеудің маңыздылығы айтылды.  Арнайы қонақ ретінде Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері шақырылған.

Қатысушылар іс-шараның материалдарын еліміздің зайырлы негіздерін нығайту жолында қолдана аламыз, деп пікір білдірді.

Айта кету керек, форум аясында республикалық деңгейдегі семинар-трениг өткізілді. Онда әрбр өңірден келген мамандар дін саласындағы жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін