ҚМДБ: 30 ИМАМ ТҮРКИЯҒА БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫНА АТТАНДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісім негізінде Түркия тарапы жыл сайын қазақстандық дін қызметкерлерінің білім жетілдіруіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. 
 
Жуырда қазақстандық 30 дін қызметкері Түркия астанасы Анкара қаласына 2 айлық білім жетілдіру және тәжірибе алмасу курсына аттанды. 
 
Имамдарды шығарып салу рәсімінде сөз алған наиб мүфти Алау Əділбай:
 
"Оқу кезінде əр уақытты тиімді пайдаланып, барынша білім алуға талпыныңыздар. Бұл - сіздер үшін жасалған үлкен мүмкіндік əрі қамқорлық", - деп атап өтті.
 
Айта кетейік, бұл жоба 2002 жылдан бері жалғасын тауып келеді. 2002 мен 2018 жылдар аралығында 239 дін қызметкері 2 айлық білім жетілдіру курсында білім алған.
 
 
 
 
 
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін