БАС МҮФТИ ШЕЙХ ЗАИД МЕШІТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шейх Заид мешіті Орталығының Бас директоры Юсуф әл-Убайдли мырзаны қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти мәртебелі мейманға ежелгі Мәуреннахр, қазақ топырағынан шыққан тұлғалар туралы әңгімелеп берді.

«Ежелгі Мәуреннахр – Исламның таралу аймағы ғана болып қалған жоқ. Сонымен қатар, асыл дініміздің даму, өркендеу орталығына айналды. Мұхаммед әл-Бұхари, Әбу Ханифа, Әбу Мансұр әл-Матуриди, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Жүсіп Баласағұни сынды ғұлама-ғалымдар, ойшылдар әлемдік Ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосты. Осылайша, қазақ топырағында исламдық дәстүрлі ағарту мектебі қалыптасты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Өз кезегінде Юсуф әл-Убайдли Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VI съезі жайлы жылы пікірін білдіріп, Елордадағы Бейбітшілік пен келісім мұражайына шейх Заид мешітінің макетін сыйлық ретінде табыстағанын жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін