ТҮРКІСТАНДА СЕМИНАР ӨТТІ

7-8 қазан күндері Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Түркістан облысы, Кентау қаласы «Жастар ресурстық» орталығында аудан, қала, ауыл мешіттерінің бас имам-молдаларының қатысуымен 2 күндік семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: діни теріс ағымдардың алдын-алу, оларды сауықтыру шаралары, олармен күресу түрлері бойынша имам-молдалардың біліктігін көтеру.

Семинарды «Нұр-Мүбарак Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті» университетінің жанындағы Экстремизмнің алдын-алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог Сабдин Асқар Кәлімжанұлы, ғалым, исламтанушы Арман Қуанышбаев, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді ұстаздар дәрістер оқыды. Қонақтар кешке шам намазынан соң «Балаби қари» мешітінде Арман Қуанышбаев ұстаздың уағызын тыңдады.

Түркістан облысына қарасты аудан, қала мешіттерінің бас имамдары мен ауылдық мешіт имам-молдаларын қамтыды. Семинар жалпы – 100-ге жуық діни мамандарды қамтыды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін