ШЫМКЕНТ: БАС МҮФТИ БІР ТОП ЖАМАҒАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Шымкент қаласының бас мешітінде бірқатар қала тұрғындары мен жамағатын жеке қабылдап, түрлі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жалпы, кездесу кезінде өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыру, дін мен дәстүр сабақтастығы, дін және отбасы мәселелері, жергілікті мешіттерді діни кадрлармен қамтамасыз ету және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу, діни сауат ашу курстары, мешіт-медреселердің әлеуметтік жағдайы т.б. мәселелер айтылды.

Бас мүфти айтылған ұсыныс-тілектерді тыңдап, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлына айтылған мәселелерге қатысты арнайы кешенді жоспар әзірлеп, жуық арада жүзеге асыруды тапсырды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін