ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ОТАНҒА ТОЛЫҚ ОРАЛДЫ (ФОТО)

Парызын өтеу үшін қасиетті Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз толық елге оралды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі хабарлады.

«Аллаға шүкір, қазақстандық 3000 қажы елге дін аман оралды! 1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына қонды. Денсаулықтары қалыпты», – деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаев.

Айта кетейік, биыл елімізден 3000 адам қажылыққа барып қайтты. Жерлестерімізге 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетті. Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан құрылған уағыз-насихат, пәтуа, ақпарат, дәрігерлер тобы өзіне жүктелген міндетті атқарды.

Елімізден барған 18 жоғары білімді дәрігер қажыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мекке мен Мәдина қаласында медициналық қызмет көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан қажылары отандық дәрі-дірмекпен қамтамасыз етілді. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін