Сауд Арабиясы қажылық маусымы аяқталды деп хабарлайды

Қасиетті қос қала: Мекке мен Мәдинада қажылық маусымы аяқталды. Қажылық кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды деп хабарлайды Мина жазығынан Сауд Арабияның Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі.

Әр елдің қажылары алаңсыз құлшылығын атқару үшін Ішкі істер министрлігінің адамдары ғана емес, азаматтық қауіпсіздік қызметкерлері мен өзге де қарулы күштер қызмет жасады. Медициналық қызметке жүгінген 10 мың төтенше жағдай тіркелді. Олардың дені күн өту, әлсіздік болды. Жедел жәрдем көмегінің керемет құрылған жүйесінің арқасында ауыр жағдаймен келіп түскен науқастарға да дер кезінде көмек көрсетілді.

Патшалықтың ресми хабарлауы бойынша, биылғы жылы Сауд Арабиясына 2 млн мұсылмандар келген. Олардың  90 %  өзге мемлекеттік мұсылмандар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін