Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әдемі әуезді азаншы – III» атты республикалық азаншылар жарысына іріктеу сайысы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінде таяуда Ақтөбе қаласында өтетін «Әдемі әуезді азаншы – III» атты республикалық азаншылар жарысына іріктеу сайысы өткізілді. Екі номинация бойынша өткен сайыста аймақтағы мешіттерден келген 15 азаншы бақ сынады. Жарыста азаншының дауысының әдемілігіне және азанға қатысты біліміне аса мән берілді.  Әділқазылар алқасы аталмыш сайыста оқ бойы озық шыққан облыстық мешіт қызметкері Елдос Қуандықұлын 1-орын алуымен марапаттап,  50 мың теңге ақшалай сыйлық және  республикалық жарысқа жолдама берді. II-ші орын «Бала қажы» мешітінің найб имамы Сұлтан Аманжоловқа бұйырса (30 мың теңге),  III-ші орынды  (20 мың теңге)  Теміртау орталық мешітінің  азаншысы Мұқашев Асхат місе тұтты. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін