БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жүнісбай Қаюпов ауылында жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты.
Алла үйінің ашылу рəсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты. Салтанатты жиында Бас мүфти Исламдағы мешіт салудың мəртебесі мен сауабы жайлы айта келе құлшылық үйін тұрғызған азаматтарға алғысы мен ізгі ниетін жеткізді.
Мешітке жиналған жамағат Серікбай қажы Ораздың уағызын тыңдап, емен-жарқын сұхбаттасты.
Салтанатты шарада С.Сатыбалдыұлы жаңа мешіттің имамына қасиетті Құран кітабын сыйға тартып, дін, ел игілігі мен бірлігі жолындағы қызметіне сəттілік тіледі.
Шара соңында ауыл тұрғындарына мүфтият тарапынан шыққан кітаптар тегін үлестірілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін