Қасиетті Рамазан айының қарсаңында футболдан кіші турнир болып өтті (фото)

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" секторы және Нұра аудандық мешітінің ұйымдастыруыменен жылдағы дәстүр бойынша  футболдан кіші турнир болып өтті. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған спорттық жарыс әдеттегідей имамдар мен жамағат арасында өтті. Жоғары деңгейде өткен ойында Қарағанды облысының өкіл имамы және Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза, "Бала қажы" мешітінің бас имамы Нұров Махмұд Нұрұлы және  зиялы қауып қазылық етті. Қасиетті айдың келер шағында өткен жарыста Теміртау қаласының  мешіті бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін