Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар болып өтті (фото)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде аудан, қала имамдары және ақсақалдар алқасы мүшелері біріккен семинар болып өтті. Семинарға  ҚМДБ-ның «насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысхан мырза қатысты. Өз кезегінде Алтынбек Ұтысхан мырза ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораз мырзаның сәлемін жеткізе келе, бас мүфтидің тапсырмасымен атқарылып жатқан   игі бастамаларға тоқталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен киелі Түркістан шаһарында «Ислам және ұлы дала өркениеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, сондай ақ, Астанада «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын тіліне тиек етті. Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен кезекті  семинардың күн тәртібінде ҚМДБ-ның бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың шығарылуының басты мақсаты талқыланды. Аталмыш кітаптың жарыққа шығуының басты мақсаты аймағымыздағы өзгеріске ұшыраған  жаназа рәсімдерін халық арасында бір ізділікке түсіріп, халықпен бөлісу.  Осы мақсатта дін мамандары мен ақсақалдар арасында әртүрлі пікір - таластар болды. Алдағы уақытта рәсімнің жөн жоралғысын толығымен талқылау мақсатында тағы бірнеше отырыстар болатыны жоспарланды. Асыл дініміздің атадан балаға келіп жатқан құндылықтарымызды қайта жандандырып, оның өркендеуіне зор үлес қосатын осындай игі шаралар көп болғай.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін