Абай қалалық мешітінде «Исламдағы отбасы құндылықтары» атты ақпараттық рухани семинар болып өтті.

ҚМДБ – ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасы бойынша бекітілген «Ислам және Отбасы» жылы аясында Абай қалалық  мешітінде «Исламдағы отбасы құндылықтары» атты ақпараттық рухани семинар болып өтті. Аталмыш рухани шара халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында ұйымдастырылды. Келген әйел жамағатына аталмыш семинарда «Әйел бақыты» атты кітаптар беріліп, сыйлықтар табысталды. Семинарда «Ішкі саясат» бөлімінен, «Жастар ісі» бөлімінен сондай- ақ, БАҚ өкілдерінен мамандар қонақта болды. Рухани шарада сонымен қатар, уағыз насихаттар айтылып, «Жастар бөлімімен жұмыс» орталығы, «Әйел қыздар» бөлімі және «Дін істері бойынша зерттеу және талдау» бөлімінің мамандары келіп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Әйел, аналарымыздың құрметіне арнайы дастархан жайылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін