ТҮРКИЯ ЕЛШІСІНІҢ БАС КЕҢЕСШІСІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Жақында ғана Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісінің дін істері жөніндегі Бас кеңесшісі болып тағайындалған Галиб Акын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды. Еліміздің Бас мешітіне алғаш рет бас сұққан Галиб Акын құлшылық ордасының сұлулығын асықпай тамашалап, тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен өткізген кездесу барысында түрік қызметкері өз алғысын білдіріп, ізгі ойларымен бөлісті. Алып құлшылық ордасындағы білім беру жүйесі мен уағыз-насихат жұмыстары жайлы қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқару мүмкіндігі туа қалса, қуанышты екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ҚМДБ бастамасымен наурыз айында өтетін «Еуразия мұсылмандары форумы» жайлы тілектестігін білдіріп, тұңғыш рет өткізілгелі отырған алқалы жиынның салмақты шешімдерге толы өтуін айтып, сәттілік тіледі.

Бас имам қабылдауынан соң Галиб Акын мешіттің үшінші қабатында орналасқан Хикмет телерадиостудиясы мен Muslim.kz сайтының рекдакциясына бас сұғып, діни ағартушылық бағытын баспасөз саласында дамыта түскен ұжым еңбегімен танысты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін