Қарағандыда әйелдер қауымдастығы құрылды (ФОТО)

Қарағандыда «Әйелдер қауымдастығы» құрылды.  Атап айтқанда «Әжелер» мектеб, «Ақ жаулықты аналар» мектебі, «Бойжеткендер» мектебі құрылды. Мұндай үлкен  қауымдастықтың құрылу мақсаты әйел адамдар арасында асыл дініміздің құндылықтарын жаңғырту. Ата - дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, оны ұрпақтан - ұрпаққа аман есен жеткізуге үлес қосу. Аталмыш қауымдастықта отбасылық тәрбие, ене мен келін, ұрпақ тәрбиесі бағытында мәселелер талқыланып, бүгінгі жас өреннің санасына сіңіру, дұрыс бағыт пен бағдар көрсету. Сондай ақ, «Қызға қырық үйден тиым» демекші, қаракөз қыздарымызға  ұят пен иба, ұяңдылық пен кішіпейілділік қасиеттерін бойларына  толық сіңірту. Мұсылмандық әдеп пен шариғат заңдарын толық меңгерту, ұмыт қалған салт дәстүрлерді қайта жандандыру. Мұндай берекелі әрі игі қызметтің пайдасы діннің ғана емес, еліміздің ертеңгі болашағы үшін де зор болмақ. Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» -  деген сөз бекер айтылмаса керек. Ендеше, құрылған қауымдастық асыл аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың салихалы өмір кешуіне өз септігін тигізіп, үлкен мектепке айналар деп ойлаймыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін